Қарағанды тұрғындары Орталық саябақтағы көлде балық қырылып жатқанына алаңдаулы. Олар жасанды су қоймасы жағалауында балықтардың шіріген қалдығы жатқанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды тұрғындары Орталық саябақтағы көлде балық қырылып жатқанына алаңдаулы. Олар жасанды су қоймасы жағалауында балықтардың шіріген қалдығы жатқанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер көл аумағында түсірілген суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіде жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Таңертең бәрін өз көзіммен көру үшін саябаққа арнайы бардым. Екі көлдің жағасында да өлген балықтардың қалдығы жатыр. Білімім бойынша биологпын және ауру балықты сау балықтан ажырата аламын. Су бетінде қалқып жатқан балықтар сау болды. Мүмкін, балықтың қырылуына көлдің таяз және қыста қатып қалуы себеп болған шығар. Балықтар тұншығып қалды. Су бетіндегі мұзда тесіктер жасалмаған сияқты. Бұл Мәдениет, демалыс және скверлер басқармасы басшылығы жіберген ағаттық", - деді қарағандылық Денис Денски.
Басқа тұрғындар да бұл шағыммен келіседі. Олар соңғы жылдары саябақтағы көлге ешкім қарамайтынына наразы.
Қарағандының Мәдениет, демалыс саябақтары және скверлер басқармасы өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді. Департаменттегілер саябақтағы көлде бірнеше жағдай ғана тіркелгенін хабарлады.
"Онда балықтың қырылу жағдайы тіркелген жоқ. Екі-үш балық өлген. Ондай жағдай болып тұрады. Мүмкін олар балшықта қалып қойғаннан немесе басқа себептен өлген шығар. Бұл кез келген су қоймасында болады", - деді басқарма бастығының орынбасары Талғат Смайылов.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай жағдай Қарағанды маңындағы Узенка ауылында болған еді. Куәгерлер "Ясная сказка" демалыс үйі маңындағы су қоймасында балық қырылып жатқанын видеоға түсіріп алған. Экологтар су сынамаларын алып, оларды зертханаға жіберген. Нәтижесі 20 күнде дайын болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!