Қарағанды тұрғыны жанжалдан кейін полиция қызметкері өштесіп алғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Қарағанды ​​тұрғыны әкімшілік полиция қызметкерін әдепсіз әрекет жасады және қорлады деп айыптады. Тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​тұрғыны әкімшілік полиция қызметкерін әдепсіз әрекет жасады және қорлады деп айыптады. Тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік иесі шағымын Instagram желісіндегі пабликтердің біріне жариялаған. Сондай-ақ, ол әкімшілік полиция қызметкері екеуінің арасында туындаған жанжалдың видеосын жариялады. Кадрлардан спорттық костюм киген әйелдің видео авторына дөрекі сөйлеп, тіпті оған әдепсіз сөздер айтып жатқанын көруге болады.

Көлік иесінің шағымы бойынша, полиция қызметкері екеуінің арасындағы кикілжің жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты айыппұл бойынша туындаған. Ер адам тәртіп сақшыларын жол ережесін бұзбағанын және айыппұлдар қате есептелгенін айтып сендірмек болған. Ал полиция қызметкері олай емес екенін айтқан.

"Айыппұл төлеуім керек деп дауласқан ЖБО қызметкерін жазалауға көмектесіңіздерші. Сонымен қатар, 11-нің 10-ы менікі емес және еш дәлелденбеген. Ол ерсі мінез көрсетті, мені мүлде ату керектігін айтты. Содан кейін мен оны камераға түсіре бастадым", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, автор кикілжіңнен кейін тағы айыппұлдар алғанын алға тартты.

"Мен бір аптадан бері жаза ретінде айыппұл алып жатырмын. 300 мыңға жуық ақша төледім. Видеоның соңында ол маған "әлі көрсететінін" айтты. Жеке қауіпсіздік басқармасына арыз жазылған, бірақ ешкім ештеңе істемеді және оны жазаламады. Менімен ЖҚБ-дан ешкім хабарласпады. Қызметкердің мұндай әрекетіне жол беруге болмайды", - деп қосты жазба авторы.

Жағдайға Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство әкімшілік полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайын ЖҚБ тексереді.

"Осы факт бойынша әкімшілік полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру басталды.
Полиция қызметкерлерінің әдепсіз әрекеті, әрекетсіздігі анықталған жағдайда, облыстық Полиция департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз", - деді Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer