04 қазан 2023 15:00

Қарағандыда жоғары лауазымды полицей мәліметтер базасына қате дерек енгізген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының бастығы қызметін атқарған полиция подполковнигі қызметіне салғырт қарағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының бастығы қызметін атқарған полиция подполковнигі қызметіне салғырт қарағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

36 жастағы подполковникке қатысты қылмыстық іс Қазыбекби аудандық сотында қаралған. Іс бойынша деректер сот кеңсесінде ұсынылған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2020 жылдың наурыз айынан бастап процессинг орталығының басшысы қызметін атқарып, автоматтандырылған ақпараттық жүйеге автокөлік қозғалтқыштарының көлемі туралы қате мәліметті мерзімді түрде енгізген.

Оның қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы салдарынан облыс бюджетіне көлік иелерінен 8,5 миллион теңгеден аса салық түскен, делінген іс материалдарында.

Сотталушының әрекетінен акционерлік қоғамдардың бірінің өкілдері зардап шеккені атап өтілген. Жоғары лауазымды полицей дерекқорға қате мәлімет енгізіп, көлік иелеріне 3,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды. Ол өз кінәсін толық мойындап, прокурормен мәмілеге келген.

Сотталушының кінәсін мойындауын және іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, Қазыбекби аудандық соты подполковникті 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети