09 қараша 2021 16:37

Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған сәби жаңа отбасын тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

elements.envato.com elements.envato.com

Майқұдықтағы көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған сәби жаңа отбасын тапты. Жақында оны асырап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Майқұдықтағы көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған сәби жаңа отбасын тапты. Жақында оны асырап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше ай бойы "Шапағат" балалар үйінде болған баланы асырап алған ата-анасы үйіне алып кеткен.

"Ол жақсы отбасының қолында. Асырап алған отбасы туралы деректер заңнамаға сәйкес жарияланбайды. Бастысы баланың ата-анасы бар", - деді Қарағанды қалалық білім бөлімінің қамқоршылық бөлімінде.

Сондай-ақ, ведомство асырап алушы отбасыларды іріктеумен айналыспайтынын атап өтті. Үміткерлер барлық қажет құжаттарды республикалық деректер базасы арқылы рәсімдеп, балаларды өздері таңдайды.

Еске салайық, биыл наурызда Майқұдық көпқабатты үйінің кіреберістерінің бірінен үш айлық сәби табылған еді. Оны көрпеге мұқият орап, тастап кеткен. Сәбиді жергілікті тұрғындар тапқан. Олар бірден полицейлерді шақырған. Тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы анасын іздеген, бірақ іздеу сәтсіз аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети