Қарағандыда орталық көшедегі ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда орталық көшедегі ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шықты © ekaraganda.kz

Қарағандыда орталық көшедегі ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шықты. Қала тұрғындары мұндай әрекетті айыптап, кінәлілерді жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда орталық көшедегі ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шықты. Қала тұрғындары мұндай әрекетті айыптап, кінәлілерді жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқар жырау даңғылы бойында және ірі сауда үйлерінің бірінің маңында қарағаш пен басқа да жасыл желекті қырқу жұмыстары жүргізілген. Жұмысшылар ағаштардың сау бұтақтарын аяусыз кесіп, биіктігі бір жарым-екі метр болатын құр діңді қалдырған.

Мұндай әрекет қала тұрғындары наразылығын тудырды. Олар видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап, кінәлілерді жазалауды талап ете бастады.

"Бұл жабайы әрекет. Қазір ағаш қырқу уақыты емес. Ағашты жасарту үшін ерте көктемде немесе күзде қырқу керек еді. Бірақ қазір емес", - деп жазады қала тұрғындары.

Қарағандылықтардың арыз-шағымына қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пікір білдірді. Ол ағаш қырқу жұмыстары шынымен, өте нашар жасалғанын айтты.

"Бүгін қаламыздың басты көшесі Бұқар жырау даңғылы бойындағы ағаштар бұтағы кесілген. Кәсіпкер Анжела Борисенко мердігер ұйымды жалдап, жасыл желектерді санитарлық кесу бойынша барлық ұсынысты елемей, "қырқу" жұмыстарын өте нашар жасаған. Өкінішке қарай, бүгін кәсіпкер қалада болмады. Ертең онымен кездесу жоспарланған, онда осы жағдайды талқылаймыз", - деді әкім.

Кәсіпкер ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізуге және заңда белгіленген айыппұл мөлшерін төлеуге міндетті болады, деп қосты әкім. Сондай-ақ, ол бұл жұмыстарға жауапты аудан әкімдігі қызметкерлері ертең қызметінен босатылатынын айтты. Абаттандыру бөлімінің басшылығы мен жетекшілік ететін орынбасарына қызметтік тексеру жүргізіледі. Бөлекпаев алдағы уақытта қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети