05 тамыз 2022 14:20

Қарағандыдағы ағаштарды кесуге қатысты дау: кәсіпкер кешірім сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық даңғыл бойындағы ағаштарды кесуге тапсырыс берген компания өкілі қарағандылықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық даңғыл бойындағы ағаштарды кесуге тапсырыс берген компания өкілі қарағандылықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда Бұқар жырау даңғылы бойындағы және "Абсолют" сауда үйі маңындағы ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шықты. Қала әкімдігі кәсіпкерге мұндайға рұқсат бермегенін алға тартты. Мемлекеттік мекеме тек бұтақтарды санитарлық қырқу жұмыстары туралы ұсыныс берген. Бүгін қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағаш қырқу жұмыстарына бастамашы болған сауда үйінің әкімшілігімен кездесіп, оларды ағаш отырғызуға міндеттеді. Серіктестік өкілі қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

"Олар қанша айтса, сонша ағаш отырғызуға міндеттенеміз. Қай жерді көрсетеді сол жерге егеміз және олар толық өскенше күтіп-баптаймыз. Кеше қырқылған бұл ағаштарды да қараймыз. Қолайсыздық келітіріп, моральдық күйзеліс тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз", - деді "Абсолют" сауда үйінің қаржы директоры Ольга Константиниди.

Еске салайық, Қарағандыда орталық көшедегі ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шықты. Жұмысшылар ағаштардың сау бұтақтарын аяусыз кесіп, биіктігі бір жарым-екі метр болатын құр діңді қалдырған. Мұндай әрекет қала тұрғындары наразылығын тудырды. Олар видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап, кінәлілерді жазалауды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети