14 қаңтар 2021 16:15

Қарағандыда төтенше жағдай кезінде машинист қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрара Қазанғапов © Тұрара Қазанғапов

Шахтинсктегі В.И.Ленин атындағы шахтада метанның апаттық шығарылуы нәтижесінде бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадиров қаза тауып, оның екі әріптесі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахтинсктегі В.И.Ленин атындағы шахтада метанның апаттық шығарылуы нәтижесінде бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадиров қаза тауып, оның екі әріптесі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ленин атындағы шахтадағы кенжарда қалған бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтің денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтты. Машинист төтенше жағдай кезінде қаза тапқан. 

"Компания марқұмның отбасына Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажет көмек пен қолдау көрсетеді.

Николай Шадиров 5-разрядтағы жерасты машинисі, "Спецшахтомонтаждегазация" басқармасының Көмір департаментінде 16 жыл жұмыс істеген. Оның 15 жылында бұрғылау қондырғысының машинисі болып қызмет еткен", - деді "АрселорМиттал Теміртау" ЖШС баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде марқұмның қасында екі адам болған. Олар кенжардан өздігінен шығып үлгерген, екеуі де облыстық медициналық орталыққа жатқызылды. 

"Бүгінде олар Қарағанды облыстық медициналық орталығының токсикология бөлімшесінде жатыр. Екеуінің де басы айналып, лоқсыған. Бірі 1969 жылы туған, екіншісі 1997 жылғы. Оларға шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы улы газбен жедел ингаляциялық улану деген диагноз қойылды. Жағдайлары бірқалыпты", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети