28 мамыр 2024 | 15:40

Қарағандыдағы инкассаторларға жасалған шабуыл: күдікті ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Қарағанды полициясы инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды полициясы инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылы мамырдың аяғында, пандемия уақытында Қарағандыда болған шулы оқиға әлі де ел есінде. Облыс орталығында белгісіз біреулер алдын ала жасалған жоспар бойынша инкассаторлар мінген автокөлікке әдейі жол-көлік оқиғасын жасап, жол апатына түскен автокөліктен 70 миллион теңге ақша және қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін жасырған болатын.

"Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен. Тергеу әрекеттері және сот отырысы барысында ұсталғандардың әрқайсысы өздерін ақтауға тырысып, барлық кінәні қашып кеткен күдіктіге жаппақ болды. Тергеу әрекеттері мен соттың отырысы нәтижесінде ұсталған күдіктілер 10 жылдан 11,3 жылға дейін сотталды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері қашып кеткен төртінші күдіктіні іздеуді үздіксіз жүргізген.

"Нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматы облысынан халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы оңтүстік өңірдің тұрғынын ұстады. Енді күдікті 2020 жылдың мамыр айында жасаған қылмысы бойынша жауап беретін болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer