31 қазан 2023 17:11

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Митталға қатысты жауапкершілік қарастырылған ба?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Мәжіліс кулуарында әділет вице-министрі Алма Мұқановадан кеніштегі қайғылы оқиғаға заң тұрғысынан инвестор жауапкершілік тартуы керек пе деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс кулуарында әділет вице-министрі Алма Мұқановадан кеніштегі қайғылы оқиғаға заң тұрғысынан инвестор жауапкершілік тартуы керек пе деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, инвесторды ешкім жауапкершіліктен босатпайды.

"Бұл факт бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты тұлғалар және тергеу органдарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаны тудырған әрекеттерде құқық бұзушылық белгілері болса, нәтижесіне қарай нақты айтуға болады. Әрине, жауапкершілік бар. Бірақ оның қандай сипатта болатыны тергеу нәтижесі бойынша анықталады", - деді Мұқанова.

Шенеунікке шетелдікті жауапқа тартып, темір торға отырғызу "техникалық тұрғыдан" мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

"Жалпы, Қылмыстық кодексте қылмысты Қазақстан азаматы немесе шетел азаматы жасағаны ажыратылмайды. Мысал: егер ел аумағында шетелдік азамат басқа адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірсе, онда ол Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп жауап берді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети