16 сәуір 2015 20:06

Қарағандыдағы лас су туралы жалған хабарлама таратқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Lifeguide.ru @Lifeguide.ru

Қарағандыдағы лас су туралы жалған хабарлама таратқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағандыдағы лас су туралы жалған хабарлама таратқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сорғылардың жарылуынан кран суы ішуге жарамсыз делінген хабарламаны WhatsApp мобильді мессенджерінің қолданушылары 13 сәуірден бастап алған. Айта кетейік, қауесет облыста су тасқыны болып жатқан кезде таратылған еді. "14 сәуірде Ішкі істер департаментіне "Қарағанды су" компаниясының бас директоры келіп, WhatsApp мессенджері арқылы лас су туралы жалған хабарлама таратқан белгісіз адамды жазаға тартуды сұрады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 274-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің төрағасы Бақытжан Кудияров.

Айта кетейік, лас су туралы хабарламаны Алматы тұрғындары да алды. "Холдинг Алматы Су" компаниясының қызметкерлері жалған хабарламаны таратқан адамды іздестіріп жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко да хабарламаның жалған екенін растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети