24 қараша 2020 09:44

Қарағандылық дәрігерлер 68 мың теңгеге сатып алынған маскаларды көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жансақтау бөлімінің дәрігерлері үшін бір данасы 68 000 теңге тұратын 200 маска сатып алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жансақтау бөлімінің дәрігерлері үшін бір данасы 68 000 теңге тұратын 200 маска сатып алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу сайтында лот жарияланып, сол бойынша аймақтық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы GoldenStag компаниясынан жалпы сомасы 13,6 миллион теңгеге жартылай маска сатып алған.

Құжатқа сәйкес, жартылай масканың құны - 68 000 теңге.

Барлығы бір жерден сатып алынған және келісімшарттың техникалық сипаттамасында жартылай маскалар "сүзгілеу қасиетіне ие және жұмысшылар ауадағы қатты бөлшектер мен булануы қиын сұйықтың әсеріне ұшыраған жағдайда аэрозольдерден қорғайды" деп көрсетілген. Құжатта басқа сипаттамалар көрсетілмеген.

Желіде сатып алу туралы хабарлама пайда болғаннан кейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы сатып алынған маскаларды көрсетуге асықты.

Ведомство мәліметінше, 68 000 теңгеге сатып алынған маскалар бетті толықтай жабады және оны барынша қорғайды. Көзді, ауыз қуысын, мұрынды аэрозольден қорғайтыны айтылады. Сонымен қатар, оның бактерияға қарсы тұра алатыны және ауыстырылатын екі сүзгісі бар екені белгілі болды.

"Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен GoldenStag ЖШС арасында Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен, яғни "бір көзден" тәсілімен сатып алу өткізілді. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес өнім берушілерден ауыстырылатын көмір сүзгілері бар, аэрозольдерінен қорғайтын, бетті толық жабатын 3M медициналық сүзгіш маскаларға баға ұсыныстары сұралды. Баға ұсыныстарын бірнеше жеткізуші ұсынды, олар 69 300-ден 69 500 теңгеге дейін сұрады. Баға ұсыныстарын салыстыру нәтижелері бойынша ең төмен бағаны GoldenStag компаниясы ұсынды", - деп атап өтті басқармадағылар.

Сондай-ақ, ведомство коронавирус инфекциясы аэрозоль-тамшы және контактілі-тұрмыстық берілу механизмдері бар өте жұқпалы жедел жұқпалы ауру екенін айтты. Сондықтан реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде осы санаттағы науқастарды емдеу және емдеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану міндетті болып саналады және мұны ДДҰ ұсынылған.

Алайда басқармадағылардың келтірген уәжіне желі қолданушылары сене қоймады. Желідегілер мұндай маскаларды әлдеқайда арзан сатып алуға болатынын жазды.

Шын мәнінде, satu.kz сайтында ұқсас сипаттамалары бар бетті толық жабатын осындай маскалардың бір данасы 25 000-нан 50 000 теңгеге дейін сатылады. Жеткізушілердің бірі, мысалы, бір данасы 46 000 теңгеден сататындар, сондай-ақ екі ауыстырмалы сүзгісі барын және жоғары сапалы екенін айтады.

"Қазір нарықта көптеген ұсыныс бар, маскалар арзан, қымбаты да бар. Арзандарын сататын жеткізушілерде, әдетте, сертификаты жоқ. Сондай-ақ, пандемияның басында қайта сатушы көбейген. Сондықтан бағалар әртүрлі. Дүрбелең кезінде маскаларды әкеліп, қазір сатып жатқандар да бар. Маскалар бар, онда бір сүзгі 12 000 теңге тұрады. Егер жеткізуші толық жиынтықты, сөмкемен және басқа да толықтырулармен бірге ұсынса, бағасы одан да жоғары болуы мүмкін", - деді ресми компаниялардың бірінің өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети