20 мамыр 2021 15:05

Қарағандылықтарды "COVID" жазуы бар қан құйылған шыны түтік шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/ekaraganda.kz Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағанда тұрғындар көшеден қан сынамасын алуға арналған шыны түтікті тауып алған. Онда науқастың аты-жөні мен "СOVID" деген жазу бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанда тұрғындар көшеден қан сынамасын алуға арналған шыны түтікті тауып алған. Онда науқастың аты-жөні мен "СOVID" деген жазу бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шыны түтік түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды. Өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты түсінік берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Қарағандыда Мичурин көшесінің тұрғындары жолдан қан сынамасын алуға арналған шыны түтікті тауып алған. Сыртына "СOVID" деген жазуы бар. Куәгерлер табылған затты суретке түсіріп, оны Желіде жариялады. Сурет авторлары жедел жәрдем қызметкерлері шыны түтікті түсіріп алған деп болжайды. Олар бұл басқа адамдарға, әсіресе балаларға қауіпті болуы мүмкін деп қорқады.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі суретке қатысты түсінік берді. Ведомство өкілдері жағдайдың мән-жайын анықтайтынын айтты.

"Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети