30 наурыз 2021 16:19

Карантин бұзғаны үшін салынатын айыппұл "ойға қонымсыз" - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин бизнесмендерге карантинді бұзғаны үшін салынатын айыппұл "ойға қонымсыз" деп санайды. Бұл туралы ол журналистермен онлайн-кездесуде айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин бизнесмендерге карантинді бұзғаны үшін салынатын айыппұл "ойға қонымсыз" деп санайды. Бұл туралы ол журналистермен онлайн-кездесуде айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистер 12 наурыздан бастап Алматыда демалыс күндері карантин шектеулері қолданылатынын еске салды. Осыған байланысты Бекшинге: "Содан бері екі апта өтті. Қалада коронавирус жұқтыру дерегі күнделікті өсіп жатқанын ескере отырып, сіз бұл шараларды қаншалық тиімді деп ойлайсыз? Кейінгі тәулікте инфекцияның 545 жағдайы тіркелді" деген сұрақ қойылды.

"Қазіргі уақытта жүргізіп отырған айыппұл санкциялары "ойға қонымсыз". Сондықтан көп адам жүйелі түрде шектеулерді бұзады. Тіпті екі, үш рет. Бір жыл бұрын айыппұлдың сомасы ақылға қонбайды деп бағалаған болсақ, қазіргі уақытта карантин шараларын бұзатын кәсіпкерлер айыппұл сомасын біле тұра, заңбұзушылықтарға барады", - деп жауап берді Бекшин.

Бұған дейін бас санитария дәрігері Алматыдағы эпиджағдай туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети