1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана анықталды

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Сондықтан өңірде карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. 

Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлімі, басқарма қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертеді. Кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертіліп жатыр. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып  жүру тиістілігі айтылады.

​Оның ішінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Десек те айтылған ескертулерге қарамастан, талаптарға бағынбау жайты бойынша полицейлер құқықбұзушылықты анықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!