20 шілде 2020 16:02

Карантин: Павлодар мен Оралда той ұйымдастырғандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күшейтілген карантин режиміне қарамастан Павлодар мен Оралда той ұйымдастырғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күшейтілген карантин режиміне қарамастан Павлодар мен Оралда той ұйымдастырғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда мониторингтік топ облыс орталығында карантин режиміне қарамастан той өткізгендерді анықтады.

"Зачаган кентіндегі дәмханада той өткен. Біз онда 100-ден аса қонақты көрдік. Кафе қызметкерлерінен түсіндірме алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кафенің иесі тойды ұйымдастырушылардан алдын ала ақша алғаны анықталды. Бірақ оны қайтара алмаған. Адамдар мекеменің қожайынын сотқа бермекші болған. Кейін ол банкет ұйымдастыруды ұсыныпты", - дейді Орал әкімдігінің бөлім меңгерушісі Аслан Жармұханов.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы демалыс күндері облыс орталығында 5 заң бұзу дерегін анықтаған. Олардың арасында қонақтарға қызмет көрсетіп, карантин талабын бұзған тағы бір дәмхана бар.

Сондай-ақ, күшейтілген карантин кезінде Павлорда той өткізгендер белгілі болды. Қаладағы дәмханалардың бірінде қыз ұзату ұйымдастырылған. Мониторингтік топ бұл жағдайды видеоға түсіріп алған.

"18 шілде сағат 15.00-де шектеуге қарамастан дәмханада той ұйымдастырылған. Оған 50-ге жуық адам жиналған. Осылайша, дәмхананың қожайыны мен тойды ұйымдастырушылар ережеге бағынбай, адамдардың өміріне қауіп төндірген", - дейді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдай қаладағы тағы бір дәмханада анықталған.

"Тексеріс барысында дәмханада көп адамның жиналғаны анықталды. Бұл деректер бойынша іс облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - дейді Қайыров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети