1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Карантин талаптарын бұзған 1400-ге жуық алматылыққа айыппұл салынды

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Алматыда карантин нормаларын бұзғаны үшін 1400-ге жуық адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды, бұған дейін ақпарат хабарланған және 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес 1 мың 358 адам әкімшілік жауапқа тартылды, олардың 120-сы 31 шілдеде анықталды.

"Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету объектілері, тамақтану және басқа жерлер үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтік шаралар барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіледі", - деді Алматы полиция өкілі.

Тәртіп сақшылары кезекті рет тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!