Мессенджерлерде карантиннен өтпеген әйелдің іздестіріліп жатқаны туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысы тұрғынының карантинге жатудан бас тартқаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Мұндай хабар Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 8 наурызда келіп түскен. Мамандар әйел адаммен екі сағат түсіндірме жұмыстарын жүргізді, заңнама бойынша карантинге жатқызылуы керек екені айтылды", - дейді министрліктегілер.
Ведомство мәліметінше, 8 наурызда ол 14 күнге карантинге жатқызылды.
"Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілген жоқ, вирустың белгілері жоқ. Карантин кезінде сыртқа шығуға болмайтынын айтып өту керек", - деді министрліктегілер.
Министрлік Қазақстандағы коронавирус бойынша жағдайды айтып берді
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!