11 наурыз 2020 11:07

Министрлік Қазақстандағы коронавирус бойынша жағдайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомсто бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Министрліктің мәліметінше, ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатыр.

"4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 а санаты бойынша – 1217, 1 б санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр.

11 наурызға барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 б санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 36 адам, 3-санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр", - дейді министрлік өкілдері.

Біртанов 11-16 наурызда Қазақстанға коронавирус келуі мүмкін деген мәлімдемеге қатысты пікір білдірді

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Дүние жүзі бойынша 117 мемлекетте 38140 адам коронавирустық инфекция жұқтырды.1135 науқас қайтыс болды:

Италияда – 463, Иранда – 291, Оңтүстік Кореяда – 60, Круиз лайнерде -7,
Жапонияда - 10, АҚШ – 30, Францияда - 33, Испанияда – 36, Иракта - 7, Гонконгта – 3, Филиппинде – 1, Таиландта – 1, Австралияда - 3,
Сан-Маринода - 2,Ұлыбританияда - 6, Нидерландта – 4, Тайванда – 1, Аргентинада – 1, Мысырда – 1, Германияда – 2, Канада – 1, Ливанда – 1,
Мароккода – 1, Швейцария - 2 адам.

Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 13,7 пайызға, өлім-жітім – 2,9 пайызға артып отыр.

Қаупә жағынан 1 а санатына кіретін елдер:

Оңтүстік Кореяда - 7513 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 35 жағдай, өсім 0,4 пайыз); Иранда – 8042 жағдай тіркелген (тәулігіне + 881, өсім – 12,3 пайыз).

1 б санатына кіретін елдер:

Италияда - 10149 адам жұқтырған (тәулігіне + 977, өсім – 10,6 пайыз).
Барлығы ҚХР-да - 80 мың 778 КВИ жағдайлары тіркелген (тәулігіне + 24 жағдай) ( күн сайынғы өсім – 0,03 пайыз), оның ішінде – 3 мың 158 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9 пайыз). 61 мың 475 адам сауығып шығарылды (76,1 пайыз). Стационарларда 16 мың 145 науқас қалып отыр.

Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.

"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети