Кәрім Мәсімов Джон Керримен таңғы ас ішті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәрім Мәсімов Джон Керримен таңғы ас ішті

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен бірге таңғы ас ішті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен бірге таңғы ас ішті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті, - деп хабарлады Primeminister.kz сайты. Олар Қазақстан-АҚШ серіктестігі мәселелерін талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі

Мәсімов Керридің Қазақстанға сапары екі ел арасында берік әрі стратегиялық, соның ішінде сауда және инвестиция саласында ынтымақтастықты нығайтатынына сенім білдірді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі

"АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен 2015 жылдың 2 қарашасына белгіленген екіжақты кездесу алдында Астанадағы Rixos қонақ үйінде отыр", - деп жазылған АҚШ Мемлекеттік департаментінің Twitter желісіндегі парақшасында.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік хатшы Қазақстандағы АҚШ сауда палатасы мүшелерімен кездесті.

"АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдберимен және басқа да қызметкерлермен Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовен таңғы ас ішу кезінде кездесті", - деп хабарланды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі 

Еске сала кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия бойынша ресми турне аясында Астанаға келген болатын. Джон Керри Қазақстанға Өзбекстаннан келді. Ол Өзбекстанда Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат басқармаларының басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Самарқандта Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздер жүргізді. Оған дейін Керри Бішкекте болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети