АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанаға келді

02 Қараша 2015, 10:13
1
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанаға келді - © Ctvnrews.ca
© Ctvnrews.ca

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия бойынша ресми турне аясында Астанаға келді. Бұл америкалық елшінің Қазақстанға алғашқы сапары болып отыр, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

Джон Керри Қазақстанға Өзбекстаннан келді. Ол Өзбекстанда Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат басқармаларының басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Самарқандта Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздер жүргізді. Оған дейін Керри Бішкекте болды.

Астанада Джон Керри Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп күтіліп отыр. Ол стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссия отырысына қатысып, Назарбаев Университетінде баяндама оқиды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай