НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Қаржы министрі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы жақсылыққа апармағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы жақсылыққа апармағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Салдарынан біз үлкен сұранысты жасап жібердік. Тұрғын үй бағасы көтерілді. Тек баспанаға ғана емес. Жалпы инфляция өсті. БЖЗҚ не үшін құрылды? Халық ақшасын көбірек жинасын дедік. Бірте-бірте ынтымақтастық зейнетақысы жойылуы керек еді. Көбі болашақта зейнетақысын БЖЗҚ-дан алғанын қаладық. Қазір лимитті қайта қарадық. Халықтың ақшасы аз қалды. Есептеулер осы қаражатты жеткілікті деп көрсетіп отыр", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, БЖЗҚ бір уақытта халық көп жинақтап, болашақта осы қордан зейнетақы алуы үшін құрылған.

"Әскери қызметкерлерге қатысты осындай саяси шешім қабылданғандықтан Еңбек министрлігінде есеп бар. Бұл соншалықты апатты сома емес, бірақ мен БЖЗҚ-да тұрақты қаражат болғанын қалаймын. Біріншіден, бұл – біздің болашағымыз, барлық зейнеткерлердің болашағы, ішінде менің де қаражатым бар", -деді ол.

Министр өзінің зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алмағанын айтты.

"Мен бір тиын да шығарған жоқпын. Өйткені ол менің зейнетақым екенін жақсы түсінемін. Екіншіден болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Бұл жинақты күнделікті қажеттілікке жұмсағым келмейді, болашаққа қалдырғым келеді. Қазақстандықтардың барлығы осылай істейді деп үміттенемін. Екінші жағынан, зейнетақы қорындағы ақша – болашақта инвестициялық жобалар үшін үлкен ресурс. Мұны да түсіну керек. Бұл – біздің артықшылығымыз. Басқа көптеген елдерде мұндай жоқ", -деді Ерұлан Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer