29 желтоқсан 2020 14:03

Қаржы министрлігі қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қаржы министрлігі түрлі мессенджерлер арқылы келетін ұсыныстар негізінде тауарлар мен қызметтерге қаражат аудармауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрлігі түрлі мессенджерлер арқылы келетін ұсыныстар негізінде тауарлар мен қызметтерге қаражат аудармауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, әдетте, жалған қызмет ұсынушылар жеке де, мемлекеттік те ұйымдардың атын жамылып арнайы жасалған жалған веб-сайттарына сілтемелер жібереді.

"Сондай-ақ, мұндай сайттар ресми түрде аударым қызметтерінде тіркелген және сіздің несие картасымен төлем өте сенімді көрінеді. Бұндай жағдайда басқа сенімді интернет көздері арқылы ресми сайттарда көрсетілген телефондарға қоңырау шалып, өнім немесе қызмет туралы барлық ақпаратты тексеру қажет.

ҚМК азаматтардан заңсыз ақша алудың ең танымал және кең тараған тәсілі болып cаналатын қаржы пирамидаларына қатыспауға тағы да шақырады. Пирамида схемасының ең басты ерекшелігі - жоғары кірістер туралы уәделер, оларды бір рет орындауға болады, бірақ одан да көп қаражатты жоғалту қаупі тым жоғары. Мұндай ұйымдар әлеуметтік желілердегі белсенді жарнама жасайды және материалдық-құқықтық базадан басқа ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы жоқ", - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, министрлік сыйлықтар сатып алғанда түбіртекті міндетті түрде алу керегін еске салады, сол арқылы сіз сатып алған сыйлықты жақындарыңыз ұнатпаған жағдайда тауарларды қайтарып беруге құқығыңыз бар.

"Чек алу арқылы сіз құқытарыңызды қорғап, заңның бұзылуына нөлдік төзімділік танытасыз. Сонымен қатар, әр азаматтың Жаңа жылды қарызсыз қарсы алуға мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Салықтың негізгі сомасын 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу арқылы азаматтар өсімпұлдан құтыла алады. Алайда салық амнистиясы тек осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады", - деді министрліктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети