10 ақпан 2022 | 17:06

Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, қаржылық пирамиданы құруға және басқаруға оның қатысы жоқ.

"Мен қылмыстық іс аясында жәбірленуші ретінде танылдым. Салымшы ретінде полицияға арыз жаздым. Мен Mudarabah Capital компаниясын құрған жоқпын және оған қатысқан жоқпын, оны басқармадым. Директор, басқарма төрағасы, аппарат қызметкерлері болды. Мен онда жұмыс істемедім. Менің басқа бизнесім бар. Қаржы саласында ештеңе түсінбеймін, сондықтан оларға сеніп, алданып қалдым. Барлық зардап шеккен салымшы сияқты мен де ақша салдым, полицияға жүгіндім, әзірге ақшам қайтарылған жоқ", - деді Төребаев.

Сондай-ақ, ол неге Mudarabah Capital құрылтайшысы емес екенін түсіндірді. Вайнер бұл компания 2020 жылдың мамырында құрылғанын айтты.

"Оған еш қатысым жоқ: 2020 жылдың қыркүйегінде ақша салып, төлемді күттім. 2020 жылдың қарашасында Mudarabah Capital директоры салым сенімді екеніне күмәнданбауым үшін ЖШС қатысушыларына қосылуды ұсынды. Мен одан да көп ақша салуды жоспарлап жүргендіктен, келістім. Мен компанияға тек 2020 жылдың қарашасында, ол нарықта белсенді жұмыс істеп тұрған кезде ғана қосылдым.

Маған қаржы пирамидасы схемасын ұйымдастырды, құрды немесе басқарды деу әділетсіздік. Бұл мүлдем бос сөз: барлық ақпарат бар, бәрін eGov сайтында тексеруге болады. Менің ойымша, полиция қоғамдық пікірді қолдан жасап отыр. Өйткені полиция мен билікке халықты қолдап белсенді мәлімдеме жасағаным ұнамайды және олар мені қылмыстық іске араластырғысы келеді. Осы мені қынжылтады. Мен мұның артында кім тұрғанын да болжап, біліп отырмын. Арамызда бұрыннан жанжал бар, ол туралы естіген де шығарсыз", - деп қосты ол.

Төребаевтың айтуынша, заңға сәйкес ЖШС қатысушылары мен құрылтайшылары директордың (атқарушы органның) әрекеті үшін жауап бермейді.

"Бұл нағыз қисынсыз дүние - директордың заңсыз әрекетіне компанияда отырғандарды кінәлау. Бұл бәріне түсінікті. Қазір бұған жол берсек, бұл қауіпті мысал болады. Компаниядағы барлық шешімді, соның ішінде ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдаған директордың орнына қатысушыны соттайды. Егер мен бұл қаржы пирамидасы екенін білсем, осынша үлкен сомада ақша салар ма едім? Бұл анық емес пе?

Жарнама үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту, менің ойымша, популистік көрініс. Онда осы қисынға сай, зорлық-зомбылық көріністеріне түсетін бүкіл әртістерді түрмеге жабу керек пе? Қолданыстағы заңнамада қаржылық пирамиданы жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Ол қаржы (инвестициялық) пирамидасының жарнамалық қызметін өндіру, тарату және орналастыру жауапкершілігін қарастырады. Сол жеткілікті", - деп түйіндеді блогер.

Бұған дейін танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Әңгіме танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азимжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов туралы. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Олар бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған болатын. 

Алматы тұрғыны Сәкен Нұрахметов Instagram әлеуметтік желісінде түрлі блогерлер парақшасына тіркелгенін айтты. Олардың бірінің парақшасынан ол Mudarabah Capital компаниясына "тиімді ислам инвестициялары" туралы бейнеролик көрген. Жарнама видеосына вайнер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев түскен.

"Танымал адамдар жарнамалаған". Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети