09 ақпан 2024 09:16

Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қазір қайда?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаулысы негізінде прокуратураның санкциясымен Кәрім Мәсімов пен Дәулет Ерғожин қылмыстық іс бойынша Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отырғанын хабарлады. Іс тергеліп жатыр.

Өз кезегінде Әнуар Садықұлов пен Марат Осиповты ұстау орындары туралы ақпарат Ішкі істер министрлігінің құзырында, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов

Еске салайық, 2023 жылы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарған болатын.

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады. Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети