03 шілде 2023 15:12

"Қарсы жолақ, Қаскелең. Әкімдік, қайда қарап отыр?". Полиция видеоға пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысының полициясы Қаскелеңде қарсы жолаққа шығып, жол ережесін бұзған жастарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының полициясы Қаскелеңде қарсы жолаққа шығып, жол ережесін бұзған жастарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар түсірген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

"Қарсы жолақ, Қаскелең. Әкімдік, қайда қарап отыр?" - дейді жастардың бірі кадр сыртында.

Кадр скриншоты

Бұған қатысты полиция пікір білдірді.

"2023 жылдың 3 шілдесінде әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында Lexus көлігінің жолаушысы жол ережесін бұза отырып жүріп келе жатқаны туралы айтып, оқиғаны видеоға түсіріп алғаны анықталды. Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері тәртіпбұзушыны анықтады", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта көлік құралының 24 жастағы иесі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша ("Көлік құралын басқару құқығын иесі жоқ тұлғаға беру") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көлікті кәмелетке толмаған жасөспірім жүргізген болып шықты.

"2 шілдеде 2007 жылы туған Е. өзінің досы, 2005 жылы туған кәмелетке толмаған А-мен Қаскелең көшесінде сағат 01:30 шамасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, не болып жатқанын видеоға түсіріп алған", - деп хабарлады полиция.

Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына алынды. Сондай-ақ, екі кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы, 1-бөлігі ("Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети