20 ақпан 2017 11:49

Картоп бағасы "Алтын ордаға" қарағанда орталықтағы супермаркеттерде арзан - Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек азық-түлік бағасының неге базарларда емес, супермаркеттерде арзан болып келетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек азық-түлік бағасының неге базарларда емес, супермаркеттерде арзан болып келетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз әлемдік ритейлерлерді біртіндеп тартып жатырмыз. Мәселен Carrefour. Ол жерде картоп бағасы "Алтын орда" базарына қарағанда төмен. Қалайша дейсіз бе? Біздікілер бәрінен пайда көргісі келеді. Біз 57 базарды мәдениетті арнаға бұрамыз, олармен жүйелі түрде күресу керек. Ғаламтор саудасы да дамып келеді. Базарлар біртіндеп керексіз болады. Базардан кетпегендер, ертеңгі күні тақырға отырады. Адамдар дұрыс жағдайда жұмыс істеуі керек", - дейді әкім тұрғындармен есеп беру кездесуі кезінде.

Сонымен қатар, әкім азық-түлікті базардан гөрі сауда орталықтарынан алған тиімді екенін түсіндіре кетті.

"Тұрғындарға сауда үйлеріндегі бағалар сәл қымбат болғанымен, таза, ыңғайлы, әдемі екенін түсіндіруіміз керек, даладағыдай емес. Тазалық талаптарына сәйкес келмейді, не алып жатқаныңыз түсініксіз, тауардың сапасы қандай екені белгісіз. Ойын-сауық орталықтары маңында үнемі жұмыс істейтін шағын және орта компаниялар ашылады. Қызмет көрсетеді, жұмысын жүргізеді", - дейді Бауыржан Байбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети