Қашағанда мұнай өндіру тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашағанда мұнай өндіру тоқтады Фото:gov.kz

1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады. Бұл туралы компания сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Компания мәліметінше, жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу  анағұрлым маңызды іс-шаралардың бірі және ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтатуды көздейді.

"Қашаған кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған бірқатар жұмыстар мен жобалардың орындалуын көздейді. Көлемі 2 миллион адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада. 

Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып есептеледі. Оның өндірілетін қорлары бағалау бойынша 9-13 миллиард баррель мұнай аралығында. Қашағанда коммерциялық өндіру 2016 жылғы күзде басталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +26
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +22
П
Павлодар +21
Петропавл +26
С
Семей +21
Т
Талдықорған +23
Тараз +23
Түркістан +23
О
Орал +23
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер