Қашпаймын, дос боламын - ІІМ жаңа басшысы

19 Ақпан, 12:15
0
Қашпаймын, дос боламын - ІІМ жаңа басшысы - Сурет ҚР ІІМ баспасөз қызметінен
Сурет ҚР ІІМ баспасөз қызметінен

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистермен "дос болатынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен сіздерден ешқайда қашпаймын, дос боламын. Кеңесшім бар, жұмысты бастадық", - деді жаңа ІІМ басшысы. 

Сондай-ақ, ол министрлік өрт қауіпсіздігіне назар аударып жатқанын мәлімдеді. 

"Шараның жоспары бар, қазіргі уақытта осы бойынша жұмыстар істелініп жатыр. Бірақ, қазіргі уақытта лашықтар көп, көбісі өрт қауіпсіздігіне сай келмейтін пеш жағады. Бүгінде олардың әрқайсысымен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін Қазақстанның барлық өңірінде өрт сөндірушілер жетіспейді", - деді министр.

Ведомство басшысы қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын ескеруге шақырды. 

"Азаматтар ең алдымен өзіне және өз балаларына қамқорлық жасауы керек. Неге екені белгісіз, әрқашанда мемлекет пен мемлекеттік органдар кінәлі деп санайды. Иә, шынында да, біз өрт қауіпсіздігін бақылау органымыз. Сонымен қатар, өз балаларының, тұрғын үйінің қауіпсіздігі, пешпен жылыту, қандай отын пайдаланылады және басқа да осы жерден туындайтын салдары - бұл азаматтардың өздеріне жүктелуі тиіс", - деді Тұрғымбаев.

2019 жылы 12 ақпанда Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. ІІМ бұрынғы басшысы Қалмұхамбет Қасымов Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

18 ақпанда Нұрділдә Ораз ішкі істер министрінің кеңесшісі - ІІМ ресми өкілі болып тағайындалды. Бұрындары министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев болған еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай