24 қыркүйек 2020 14:03

Kaspi.kz - Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы елдегі электрон коммерция көлемі 436 миллиард теңге болды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 10,24 пайыз көп. Бұл деректі Forbes Kazakhstan TOP KZ Retail E-Commerce 2020 қазақстандық интернет-алаңдағы сауда ренкингіне сүйеніп жариялады.


2019 жылы елдегі электрон коммерция көлемі 436 миллиард теңге болды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 10,24 пайыз көп. Бұл деректі Forbes Kazakhstan TOP KZ Retail E-Commerce 2020 қазақстандық интернет-алаңдағы сауда ренкингіне сүйеніп жариялады.

Басылымның дерегінше, елдегі интернет-сауданың басым бөлігі Алматыға тиесілі – 72%. Одан кейін Нұр-Сұлтан (9,9%) мен Шымкент (5,3%) тұр.

Kaspi.kz сауда интернет-алаңдарының арасында қатарынан үшінші жыл бірінші орынды иеленіп отыр.  

"8,5 миллионнан аса қазақстандық ай сайын Kaspi.kz суперқосымшасын қолданады, - дейді Kaspi.kz негізін қалағандардың бірі Михаил Ломтадзе. - Біздің команда елдегі электрон коммерция бойынша ең ірі алаң саналатын Kaspi.kz Дүкенін дамытып жатыр. Біз тауарды жеткізу географиясын 54 қалаға ұлғайттық, ассортиментті 400 000 тауарға жеткіздік. Биыл 8 айда біздің сүйікті клиенттеріміз 200 миллиард теңгеге 2,6 миллион тауарды онлайн сатып алған. Kaspi.kz Дүкеніндегі сатылым сомасы былтырға қарағанда 125 пайызға, сатылым саны 150 пайызға өскен".

"Коронавирус пандемиясында бөлшек сауданың шектелгеніне байланысты біздің интернет-дүкен көптеген қазақстандық компанияны қолдап, көмектесетін негізгі алаңға айналды. Біз серіктестерге өз интернет-дүкенімізде тауар сатуға мүмкіндік бере отырып өз бизнесін дамытуға, жұмыс орындарын қысқартпауға көмектесеміз. Бізбен бірге болған әр клиентіміз бен серіктесімізге алғыс айтамыз!" - дейді Михаил Ломтадзе.

Kaspi.kz қазақстандық компаниялармен белсенді жұмыс ісейді. Электрон коммерция бойынша елдегі ең басты платформаға мынадай қазақстандық брендтер мен компаниялар қосылды: Qazaq republic (киім), "Астау" (ыдыс-аяқ), BALAUSA jewelry (зергерлік бұйым), BEKZAT sport (спорт тауарлары), VEGA (әшекей мен аксессуарлар), GLASMAN (киім), kassenova atelier (киім), DiDi Style (киім), EMPIRE (кәдесый), "Казахювелир" (зергерлік бұйым), AVERO матрас фабрикасы (матрас), MIMIORIKI (балаларға арналған тауарлар), OTAN (қолсағат), ОЮ (кілем), SMAN (аяқ-киім) және тағы басқалары.

Сонымен бірге Kaspi.kz арқылы Adidas, O’STIN, UGG, New balance, "СПОРТМАСТЕР", KOTON, ALDO, SKECHERS, Ecco, DECATHLON, DeFacto, Marks & Spencer, Nike, Reebok сияқты халықаралық брендтер сауда жасайды.

Forbes Kazakhstan TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін Baker Tilly Kazakhstan консалтинг компаниясы мен Цифрлық Қазақстан қауымдастығымен бірігіп жыл сайын жариялап отырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети