23 наурыз 2022 | 15:18

Каспий құбыр консорциумындағы апат: Энергетика министрлігі мұнай тасымалдаудың басқа бағыттарын қарастырып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуіне байланысты мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрлігі мәліметінше, Новороссийскіде қатты дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 35 метрге жеткен. Бұл Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер еткен.

КҚК мәліметінше, кезектен тыс тексеру барысында арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткен, сондай-ақ арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр", - делінген ҚР Энергетика министрлігі ақпаратында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети