22 желтоқсан 2017 09:26

Каспий теңізінде 22 жастағы сарбаз әскери кемеден құлап қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Башиков. © Lada.kz Бейбіт Башиков. © Lada.kz

22 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Каспий теңізінде батып кеткен. Бейбіт Башиковтің туыстарының айтуынша, ол осыдан он күн бұрын өзі қызмет етіп жүрген "Семсер" әскери кемесінен құлап кеткен. Оның денесі әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды "Лада".


22 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Каспий теңізінде батып кеткен. Бейбіт Башиковтің туыстарының айтуынша, ол осыдан он күн бұрын өзі қызмет етіп жүрген "Семсер" әскери кемесінен құлап кеткен. Оның денесі әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды "Лада".

Бейбит Башиков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201Б әскери бөлімінде қызмет еткен. 22 жастағы сарбаз 10 желтоқсанда кезекшілікке шығып, 11 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 5-те осы төтенше жағдай болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдайға қолайсыз ауа райы себеп болған.

Шекара қызметіндегілердің мәліметінше, сол күні жел секундына 15 метрге дейін жетіп, су толқыны да бірнеше метрге дейін көтерілген.

"Кезекшілікте бола тұра неге жилетсіз болған? Бізге мұны ешкім дұрыстап түсіндіре алмай отыр. Боцман оны көрген, барлығы соның көзінше болған. Боцман оны құтқармақшы да болған. "Жүз, жүз, Бейбіт" деп айғайлаған. Бірақ толқын көтеріліп, ол батып кеткен. Сосын оның соңынан катер жіберген, іздедік, бірақ осымен оны 10-шы күн іздестіріп жатырмыз", - дейді батып кеткен сарбаздың ағасы Рустам Башиков.

Ал тергеу органдары сотқа дейінгі тексерісті тек дене табылғаннан кейін бастай алады. Әзірше ҚР ҰҚК шекара қызметіндегілер іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

"Барлық күш пен құрал жұмылдырылды: шекара кемелері мен авиация, катерлер, автотехника мен сүңгуірлер. Іздестіру жұмыстарына ҚР Қорғаныс министрлігі көмектесіп жатыр. Жергілікті тұрғындар мен еріктілер де бар. Құқық қорғау органлары мен өзара мүдделі органдар бұл жайлы біледі. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ҚР ҰҚК шекара қызметінің хатшысы Оксана Парпура.

Қайтыс болған жігіттің анасының айтуынша, ұлы қызметіне ешқашан шағымданбаған. 

"Мен одан үнемі "Сендерде әлімжеттік немесе соған ұқсас бірдеңелер болып тұра ма?" деп сұрайтынмын. Ол болса "Жоқ, мама. Мен келісімшарттағы сарбаз болып қала беруім мүмкін, командир көмектеседі" деп айтатын. Балаларымды өзім өсірдім. Төрт балам бар, міне, кенжесін жоғалтып отырмын. Жақсы оқитын, алтын медальмен бітірді. Әскерге де жіберген едім..." - деді Гүлнар Башикова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети