12 сәуір 2014 | 16:00

Каспий теңізінде дағыстандық браконьерлер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Lada.kz сайтынан алынды Фото Lada.kz сайтынан алынды

Аймақтық жағалауды қорғау басқармасының теңіздегі шекарашылары Каспий теңізіндегі Қазақстанға тиесілі аумаққа заңсыз кіріп кеткен екі қайық пен 10 браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды "Лада" ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аймақтық жағалауды қорғау басқармасының теңіздегі шекарашылары Каспий теңізіндегі Қазақстанға тиесілі аумаққа заңсыз кіріп кеткен екі қайық пен 10 браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды "Лада" ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолдан жасалған қайық Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны күзетуге арналған қарулы кезекшілік кезінде табылған. Шекара тәртібін бұзғандар шекарашылардың ескертуін елеместен, өздері жүзіп келген қайықпен қашып құтылмақ болады. Сол уақытта талапты орындамаған браконьерлерге қарсы қару қолданылады. Қайықта 5 ресейлік болған.

Арада бірер уақыт өткенде шекарашылар сол аумақтан браконьерлер мінген екінші қайықтың да жүйткіп жүргенін байқайды. Браконьерлердің ізіне түскен шекарашылардың ескертпесіне бұлар да тоқтаудан бас тартқандықтан олар отырған қайықтың моторына оқ атылады. "Атап өту керек, қашып құтыла алмаған браконьерлер шекарашылар жақындап қалған шақта, қолдарында бар құрал-жабдықтар мен ұстаған балықтарын суға ағызып жіберген.

Тәулік бойы күзетте болған шекарашылар заңды бұзғандарға қарсы оқ атқанымен жараланғандар болған жоқ", - деп баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Осы оқиғаға байланысты шекарашылар құқық қорғау органдарын құлағдар етіп, істі солардың қарауына берген. Браконерлікпен айналысқандар Қазақстан заңдары бойынша тиісті жазаға тартылатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети