24 қыркүйек 2021 11:00

Каспий теңізінде су түбін тереңдету жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде су түбін тереңдету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды. Бұл туралы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясы мәлім етті.


Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде су түбін тереңдету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды. Бұл туралы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясы мәлім етті.

Компания мәліметінше, Қашаған кен орнына тиіп тұрған теңіз учаскесі бойындағы су түбін тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы - 56 шақырым.

 "Су түбін тереңдету Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және Консорциумның теңіз нысандары орналасқан аймақтың тайыздану салдарынан туындады, бұл Қашаған кен орнының теңіздегі өндірістік нысандарын қауіпсіз пайдалануға қауіп тудырды", - делінген хабарламада.

NCOC компаниясы су түбін тереңдету жұмыстарына биыл маусымда кіріскен. Оған дейін жобалық-техникалық құжаттама аясында бекітілген қоршаған ортаға әсерді бағалау, сондай-ақ жобаны жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен алдын ала талқылау өткізілген.

"Осы жобаны іске асыру үшін компания оңтайлы cooking pot технологиясын, сондай-ақ тиісті аккредиттеуден өткен индустриядағы ең озық жабдықтарды пайдаланып жатыр. Cooking pot технологиясы қалқыма қатты заттектердің лайлануын азайту үшін алынған топырақ (қойыртпақ) қоспасын теңіз түбіне жайғастырудан тұрады. Жоба аясында бір мезгілде үш жерснаряд пайдаланылады, бұл су мөлдірлігін тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді", - делінген баспасөз хабарламасында.

2021 жылғы қыркүйектің екінші жартысына дейін жұмыстардың батыс учаскедегі негізгі бөлігі аяқталған. Сондай-ақ, су түбін тереңдету жұмыстары балықтарға әсер етпейтіні айтылып отыр.

"Теңіз топырағынан жиналған және жайғастырылған суасты үйінділері бекіре балықтарының өрістеу және қоңдану жолдарынан тыс орналасқан. NCOC Солтүстік Каспийдің барлық акваториясы бойынша теңіз суы сапасының химиялық және физикалық параметрлеріне, гидрометеорологиялық көрсеткіштеріне, теңіз биотасының жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу аймағында судың лайлылығы арна осінің 1000 метрлік аймағынан шықпайды және жобалық көрсеткіштерден төмен", - деді баспасөз қызметі өкілдірі.   

NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Ермек Марабаевтың айтуынша, су түбін тереңдету жұмыстары құрылыс нормалары мен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр.

"NCOC жүргізіліп жатқан жұмыстардың қоршаған ортаның теңіз компоненттеріне әсерін барынша азайтуға ұмтыла отырып, жұмыс процесіне тұрақты бақылау жүргізеді. Біз ғалымдармен бірлесе отырып, теңіз суы мен биота сапасының параметрлерін бақылауды жалғастырамыз", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды North Caspian Operating Company N.V. ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети