17 шілде 2018 | 14:22

Кәсіпкер Абылай Ғабжалиловқа қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абылай Ғабжалилов. © facebook.com/NurtasAdambay/ Абылай Ғабжалилов. © facebook.com/NurtasAdambay/

Алматыдағы Алмалы аудандық соты бизнесмен Абылай Ғабжалиловқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Алмалы аудандық соты бизнесмен Абылай Ғабжалиловқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сот үкімімен Ғабжалилов Абылай Хайроллаұлы ҚР ҚК 222-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК 55-бабы 2-бөлігімен 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты қызмет түрімен айналысуға құқық берілмейді. Ғабжалилов жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде өтейтін болады. 

Айта кетейік, сатылған көмірден түскен қолма-қол ақшаның компания кассасына түспегені қылмыстық іс бойынша жинақталған дәлелдердің негізінде анықталды.

"Тиісінше, бұл қаржыға салық төленбеген. Сотқа дейінгі тергеу кезінде Ғабжалиловтың кеңсесінен 540 750 доллар, 163 080 теңге табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс материалдарына негізделген соттың ойынша, бұл ақша есепке алынбаған, яғни қылмыстық жолмен түскен. Осыған байланысты сот заттай айғақтарды - ақшаны - мемлекет есебіне аудару керек деп есептейді", - делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 2016 жылы қазақстандық кәсіпкер Абылай Ғабжалиловке ТМД елдері арасында мемлекетаралық іздеу жарияланған. Оған екі миллиард теңге салық төлемеді деген айып тағылған болатын. Ол 2017 жылы ақпанда Алматыда ұсталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети