31 қаңтар 2019 12:47

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев қоғамдық белсенділігін тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марғұлан Сейсембай. © Tengrinews.kz Марғұлан Сейсембай. © Tengrinews.kz

Кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембаев қоғамдық белсенділігін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 


Кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембаев қоғамдық белсенділігін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, желтоқсан айының соңында органдар "Альянс Банкке" қатысты істі қайта қозғаған. 2009 жылға дейін Сейсембаев "Альянс Банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болғаны белгілі. 

"Альянс банкi және одан несие алған компаниялардың жұмыскерлерiн қайта -қайта шақырып, тергеп мазалауда", - деп жазды Сейсембаев. 

Осыған орай, мен өзiмнiң әлеуметтiк белсендiлiгiмдi күрт қысқартамын. Бiрiншiден, Тұңғыш Президент саябағындағы "Business lifehacker” тобында бизнес мәселелердi талқылап кеңес беретiн таңғы серуенiмдi тоқтатамын. Екiншiден, Nomad Explorer ұйымдастыру тобынан шығамын. "Оңтүстiк аңыздары" экспедициясының ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру комитетiне тапсырамын.

Үшiншiден, "2-шi жастық" тобынан шығамын.
Төртiншiден, "Қоңыр унитаз" флешмобын тоқтатамын.
Бесiншiден, "Alma museum" мұражайымен "Алмалы жұмақ" қоғамдық қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.
Алтыншыдан, мемлекеттiк мұғалiмдердi қолдауға арналған "Qalam” қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.
Жетiншiден, елiмiздiң әжетхана мәселесiн көтерiп талқылауды тоқтатамын.
Сегiзiншiден, жастарға бизнес жөнiнде дәрiс оқығанды тоқтатамын.
Тоғызыншыдан, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бергендi тоқтатамын.
Оныншыдан, белсендiлiк көрсетiп жаңа бастамаларды ұсынуды тоқтатамын.

Мен бұрыңғыдай өз елiме деген сүйiспеншiлiктi сақтап, елiмiздiң дамуына улес қосып өз орнымда қабiлетiмдi аямай адал iстердi алға жүргiзе беруге тырысамын", - деді Марғұлан Сейсембай.

Марғұлан Сейсембай - танымал қазақстандық кәсіпкер әрі инвестор. 90-шы жылдары "Сеймар" компаниясын құрып, "Альянс Банк" және "КаР-Тел" (К-Моbile)  компаниясының қожайыны болған. 

Соңғы жылдары Марғұлан Сейсембай БАҚ өкілдері сұхбат бермейді десе де болады. Ол тек әлеуметтік желідегі парақшаларында жазба қалдырады. 

Осыған дейін кәсіпкер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, ауыр 90-шы  жылдары қалай кәсіп ашқаны, өмірлік ұстанымдары және Қазақстандағы "уақытша" жүргендер жайлы айтқан еді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети