27 маусым 2019 15:58

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады

© akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына жаңадан құрылған министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, штат құрамының жасақталуы және тиісті нормативтік-құқықтық база дайындау жөнінде мәлімет берілді.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті министрге бірқатар міндет жүктеді.

"Ұлттық мүдделерді қорғау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге және Еуразиялық экономикалық одақ, ҚХР және Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет. Экспортқа шығарушыларды қолдау үшін оларға көрсетілетін қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмылдыру керек. Ішкі нарықты қорғау және оны сапалы әрі қолжетімді тауарлармен толтыру мәселелері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және ел экономикасының дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, заманауи форматтағы нарықты дамыту және ақшасыз төлем механизмін кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимылдар жүргізу маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram