Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті Елбасы, Парламент депутаттары, үкімет мүшелері. Кеше, 19 наурызда, бүкіл әлем тарихи оқиғаның куәгері болды. Қазақ мемлекетінің негізін салушы, ұлы тұлға, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы ретінде өкілеттілігін тоқтатты. Елбасының өз еркімен жасаған бұл шешімі оның жаһандық деңгейдегі саяси қызметкер ретінде ұлылығын көрсетеді", - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды
Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін айтып өтті.
Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды