Қасымбек Асаубаевтың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

06 Ақпан, 13:47
0
Қасымбек Асаубаевтың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді - © фото miid.gov.kz
© фото miid.gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Әсет Асаубаевтың көлік комитетінің төрағасы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол менің әріптесім, бірге ұзақ жыл жұмыс істестік. Комитеттің басшысы болып 6-7 жыл жұмыс істеді, бұл ұзақ мерзім. Ол басқа бір салаға кеткен жоқ, осы жүйеде қалды. Өткен аптада Әсет Асаубаев жолаушылар ассоциациясының басшысы болып тағайындалды. Бұл өте жауапты жұмыс, себебі біз инфрақұрылымды дамытуға назар аударып жатырмыз. Оның тәжірибесі бұл салаға қажет деп санаймын. Ол өзі шешім қабылдады. Маған өтінішпен келіп, ұзақ мерзім жұмыс істегенін айта отырып, басқа салада жұмыс атқарғысы келетінін жеткізді. Біз қарсылық білдіргеніміз жоқ. Меніңше, ол жоғары деңгейде қызмет атқарды және басқару саласында тәжірибесі мол", - деді Жеңіс Қасымбек үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Әсет Асаубаев "Қазақстан автожолаушылар ассоциациясы" бірлестігінің президенті болып тағайындалды. Оған қоса ол "ҚазАвтоЖол" ҰК директорлары кеңесінің тәуелсіз директоры болып жұмыс істейді. 2018 жылдың қазанында МҚІжСЖҚІА төрағасы Алик Шпекбаев басқаруға берілген ведомствода жемқорлыққа қарсы іс-шара жасамағаны үшін Асаубаевты жұмысынан босатуды ұсынған

Асаубаев 2005 жылдан бері министрліктерде әртүрлі қызметте істеген. 2013 жылы Көлік комитетіне басшы болып келген. 1982 жылы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан обылсында дүниеге келген. 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде "тарих оқытушысы, құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша білім алған. 2006 жылы  Қазақ қатынас жолдары университетінде "инженер-механик" мамандығын оқып шыққан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай