21 тамыз 2017 11:48

Қасымов Теміртаудағы полицейдің дөрекі әрекеті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Ашық диалог" порталында Теміртау супермаркетінен сатып алушыны сыртқа итеріп шығарған полицейге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында Теміртау қаласында полицейдің супермаркетке кірген ер адамды көлігін басқа жерге қоюын талап етіп, дөрекі түрде сыртқа итеріп шығарғаны түсірілген видео Желіде жарияланған болатын. Желі қолданушылары полицейдің бұл әрекетіне наразы болып, сатып алушыны жақтағандарға пікірлер жазған болатын. 

"Қарағанды облысы ІІД-нің жергілікті полиция қызметі бұл мәселеге қатысты қызметтік тергеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды", - деп жазыпты ІІМ-нің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети