Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары брифинг барысында Денис Теннің өліміне қатысты тергеу барысы қалай жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары брифинг барысында Денис Теннің өліміне қатысты тергеу барысы қалай жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер алдына ІІМ басшысының орынбасары Рашид Жақыпов. Брифинг Tengrinews.kz сайтында тікелей трансляцияланды. Трансляцияны бақылағандар мен көптеген оқырмандар 102 нөмірі бойынша хабарласу қиын не мүлдем хабарласу мүмкін еместігін айтты.
"Біз тәулік бойы кезекші бөлімі арқылы көптеген қоңырауларды қабылдайымыз. Сол себепті кей жағдайда бірден хабарласу мүмкін болмауы мүмкін - бұл желідегі қоңыраулардың көп түсетіндігіне байланысты", - деді ІІМ орынбасары Рашид Жақыпов.
Министрдің орынбасарына 102 қызметіне хабарласып көріңіз деген ұсыныс ашық қалды. Сол кезде Tengrinews.kz тілшісі министр орынбасарының көзінше 102 нөміріне хабарласты. Кезекші бөлім жауап берді, алайда бірнеше уақыттан соң.
Сондай-ақ, министрдің орынбасары неліктен министрдің өзі келмегенін түсіндірді. Қалмұхамбет Қасымов қызметтік іссапарда жүр екен.
ІІМ өкілдері Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерге қатысты пікір білдірді
Мұның алдында Денис Тенді нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді.
Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.