26 қазан 2015 | 19:25

Катар әмірі Назарбаевты қалай күтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі жақтың делегацияларының кеңейтілген құрамда өткен кездесулері барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Катар мемлекетін осы өңірдегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айта келіп, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін екі елдің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті. Оған Қазақстан мен Катар арасында жоғары саяси деңгейде қалыптасқан өзара сенімді қарым-қатынас негіз болуға тиіс.  

Екі елдің көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Катар мемлекеті сияқты Қазақстан да қазіргі кезде өз экономикасын әртараптандыру саясатын қарқынды жүргізіп жатыр. Елде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар екі елдің компаниялары арасында бірлескен жобалар үшін перспективаларға жол ашады.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан бүгінде Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстыратын іскерлік, транзиттік және логистикалық ірі хаб құрып жатқанын да еске салды. Сол арқылы еліміз әлем халқының төрттен үші тұрып жатқан 60-қа жуық елді байланыстыратын Жаңа Жібек жолын қалыптастыруда. Еліміздің көлік-транзиттік мүмкіндіктері Қытайдың, Ресейдің және Орталық Азия өңірінің нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.

Мемлекет басшысы 2017 жылы Астанада мамандандырылған ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетінін айтты және Катар компанияларын сол шараға белсене қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде инвесторлар үшін барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтардың заң жүзінде бекітілгенін айтты. Астанада Британ құқығына негізделген халықаралық қаржы орталығы іске қосылатыны, сондай-ақ респаубликада исламдық қаржыландыру ісіне айрықша маңыз беріліп отырғаны атап өтілді. Қазақстанда исламдық қаржы индустриясы саласында заңнамалық база қалыптасты, ислам банкингі, сақтандыру және лизинг секторында бірқатар қаржы институттары жұмыс істейді.

Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстан Президенті бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарға қуатты серпін беретінін, Доха біздің елмен кең ауқымдағы ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті. Катар Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айтты.

Қазақстан Президенті мен Катар Әмірі екі елдің арасында қаржы-инвестиция, банк секторында, агроөнеркәсіп салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

ҚР баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу қорытындысында төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды:

- Дипломатиялық паспорты бар тұлғалардың виза талаптарынан босатылатыны туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім;

- Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Катар мемлекетінің Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети