i-balaqai talks арнайы жобасының "Жаңа оқу жылы: online vs offline" атты шығарылымында білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылар қазақстандық оқушыларға арналған жаңа жағдайларды талқылады. Олар балалардың, ұстаздар мен ата-ананың қашықтан оқуға дайындығы туралы ойын бөлісті, сондай-ақ маңызды ұсыныс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
i-balaqai talks арнайы жобасының "Жаңа оқу жылы: online vs offline" атты шығарылымында білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылар қазақстандық оқушыларға арналған жаңа жағдайларды талқылады. Олар балалардың, ұстаздар мен ата-ананың қашықтан оқуға дайындығы туралы ойын бөлісті, сондай-ақ маңызды ұсыныс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы, сарапшылар кеңестерін бөлісіп, арнайы мәселелер бойынша ұсыныстарын айтады.
ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари жаңа оқу жылы бастауыш сыныптары үшін онлайн форматта да, офлайн форматта да өтетінін айтады. Оны ата-ананың өзі шешеді.
"Кезекші сыныптар ата-аналардың өтініші негізінде дайындалады. Қалған сыныптар үшін, ол 5-11 сынып аралығындағы 2 миллионнан аса бала, оқу қашықтан болады", - дейді ол.
7 мыңға жуық қазақстандық мектептің ішінде 2 мыңнан аса мекеме күндізгі форматта оқиды. Оған оқушы саны 80-нен аспайтын ауылды жерлердегі, шағын жинақты мектептер жатады.
"Биыл жазда қосымша 200 мың компьютер сатып алынды. Жақында мемлекет басшылығы жарты миллионға жуық мектепті компьютермен қамтамасыз ету туралы тапсырма берді. Оқу жылының басында барлық материалдық-техникалық база оқушыларға беріледі. Яғни балаға тек кітаптармен қатар девайстар берілетін шетелдік, АҚШ тәжірибесі ескерілді", - дейді вице-министр.
Былтырғы оқу жылындағы төртінші тоқсандағы қашықтан оқу тәжірибесін ескере отырып, Білім министрлігі ұстаздар, мектеп пен ауданның өзіне 8 платформаның ішінде оңтайлы білім беру платформасын таңдауына мүмкіндік беріп отыр.
"20 тамыздан бастап ұялы телефон, интернет қолданатындар отандық білім беру ресурстарын тегін әрі шексіз пайдалана алады", - дейді ол.
"Қазақстандағы жаңа мамандықтар Атласы" жобасының басшысы, BTS Education білім беру орталығының бас директоры Саясат Нұрбек маңызды мәселе көтерді - ресурстық жағдайды басқару және мұғалімдердің эмоционалды күйзелісі.
"Онлайн форматта миға қатты жүктеме түседі екен. Офлайн форматта ми тынығады, себебі тіл, дене, қозғалыс, эмоциялық байланыс, қарым-қатынас, ынталандыру, мақұлдау, келісу процесі жүреді. Ми тыныш болады. Оның барлығы жоқ деп елестетіңіз, әлеуметтік байланыс толық берілмейді, бірақ ми қатты күйзелісте болады. Жаңа эмоциялық ортада жұмыс істеп үйренбегендер үшін ол қаншалықты қиын екені елестете беріңіз", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ ол педагогтерді қолдау үшін call-орталық ашу керегін айтты.
"Менің ең үлкен қорқынышым - бұл жағдайда қашықтан оқудың артықшылығын айтылмай, оның құнын түсіріп, ата-ана мен оқушылар қашықтан оқуды мүлде ұнатпай кетуі мүмкін", - дейді ол.
Montessori Qazaqstan Қоғамдық Қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов оқу формасын таңдау мүмкіндігін мақтады. Оның айтуынша, өкінішке қарай, барлық қазақстандық баласын онлайн-оқуға қажет жағдаймен қамтамасыз ете алмайды.
"Бізде толық емес отбасында өсіп жатқан балалар көп. Миллионға жуық бала анасымен тұрады. Әкесі жоқ. Мен олар балаларын онлайн оқуға қажет жағдаймен қалай қамтамасыз ететінін елестете алмаймын. Статистикаға сүйенсек, бізде 500 мыңға жуық жағдайы төмен балалар бар, оларға компьютер қажет", - дейді Ерұлан Құсайынов.
Оның айтуынша, Білім министрлігі былтырғы оқу жылында қатемен жұмыс істеген.
"Тағы бір мәселе - атқарушы органдар, әкімдіктердің қажет құрал, модем мен жүйені қалай орнататынында", - дейді ол.
Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы және бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаевтың сөзінше, дәстүрлі мектеп онлайн-мектеп бере алмайтын ерекше бағыттарды, дағдыларды, құзыретті дамытуға мүмкіндік береді.
"Біріншіден, зияткерлік бағыт. Екіншіден, эмоционалды даму. Сондай-ақ әлеуметтік және физикалық даму. Онлайн мектеп, мейлі ол ең мықты мектеп болса да, бүгінде осы төрт бағыттың ішінде тек интеллектуалдық бағытын дамыта алады", - дейді ол.
Нұрмұхаммед Досыбаев онлайн-оқыту балалардың зияткерлік дамуы жағынан жоғары нәтиже беретін 7 факторды атады:
- Балалар мен педагогтерде гаджет жеткілікті болуы керек;
- Жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болуы керек;
- Интерактивті контенттің болуы;
- Педагогтер мен басшылардың цифрлық дағдыларының болуы;
- Оқушылардың цифрлық дағдыларының болуы;
- Үйден оқуға арналған жағдайдың болуы;
- Мотивация факторы.
"Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп" директоры Олег Пак дұрыс қашықтан оқудың не екенін түсіндірді.
"Ол синхрон және асинхрон формада оқудың біріктірілген түрі. Синхрон оқу - онлайн-сабақ, вебинарлар. Біз оқушылар секілді мұғаліммен бір уақытта отырып, виртуал кеңістікте face to face отырамыз, педагогтен ақпарат, тапсырма алып, кері байланыс орнатып, әңгімелесуге мүмкіндік аламыз. Асинхрон түрде оқуда педагог оқушыға қандай да бағыт бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ ол, былтыр төртінші тоқсандағыдай, жай ғана тапсырманы бере салу деген сөз емес. Бұл мұғалім оқушыға қажет материал мен нұсқаулық беретінін білдіреді", - дейді Олег Пак.
Электрон білім беру жүйесіндегі Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Рауан Кенжехан онлайн білім берудің мінсіз әлемі синхрон және асинхрон туралы емес екенін, ол оқу тәжірибесін жекелендіруге қатысты екенін айтады. Ол қашықтан оқудың артықшылығы туралы түсіндірді.
"Қазақстанда мектеп жүйесінің 40 пайызы шалғайда орналасқан шағын жинақталған мектептер. Бұл мектептерде мұғалімдердің толық жинағы жоқ, бір сыныпта әртүрлі жастағы балалар отырады. Интернетке тәуелсіз орнатылған контенте жұмысты қалыпқа келтіруге болады деп есептеймін", - дейді ол.
Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман оқу форматын таңдауға қатысты шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылдануы керегін айтады.
"The Lancet медициналық журналында еуропалық елдердегі балалардың жұқтыруы және оны қабылдауы туралы зерттеу жұмысы жарияланды. Ұлыбританиялық зерттеулер. Содан кейін Оңтүстік Кореяда зерттеу жұмысы жарияланды. Оларда балалар үлкендерге қарағанда аз жұқтыратынын, инфекцияны бір-біріне және үлкендерге аз жұқтыратыны, олар COVID-19-дан жеңіл өтетіні айтылған. Кейде Кавасаки синдромы секілді қауіпті, ауыр жағдайлар да кездеседі. Үш ай бұрын Нью-Йоркте және жақында Ақтөбеде анықталған дейді. Көптеген ел қауіпсіздік шарасын сақтай отырып мектептерді ашуға болады деген шешімге келген", - дейді ол.
Оның айтуынша, әлеуметтенудің жоқ болуы баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
"Пифагор" математикалық мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов ата-аналар онлайн білім берудің кемшіліктерімен бала дербес болған жағдайда кездеспеуі мүмкін екенін айтады.
"Ата-аналар баланың барлық мәселесін бала күнінен 18 жасына дейін шешіп беруге тырысады. Оның не қалайтынына, мақсатына назар аудармайды. Бала кішкентайынан дербес болған дұрыс. Контентті, білімді алу мүмкіндігі көп. Дербес оқи алатындарға қалай болса да бәрібір. Ол кез келген формада қарым-қатынас орнатып, білім алудың мүмкіндігін табады", - дейді ол.
Видео-сұхбаттың толық нұсқасын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!