09 ақпан 2021 18:27

Қатты жауын-шашын мен тұман: 8 облыста ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

10 ақпанда Қазақстанның сегіз аймағында қатты жауын-шашын, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 ақпанда Қазақстанның сегіз аймағында қатты жауын-шашын, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метр жел күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең 10 ақпанда оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-18 метрге жететін жел күтіледі.

9-10 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.

10 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқысан, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 9-11 ақпанда тұман болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтауда 10 ақпанда түнде көктайғақ болады деп болжанды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болады. Ал Петропавлда күндіз 10 ақпанда батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр.

10 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Шымкентте 10 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети