10 ақпан 2014 17:58

Қайғылы оқиғалар себебінен өндіріс тоқтатылатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова. ©Марат Әбілов Тамара Дүйсенова. ©Марат Әбілов

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмысшылар өліміне бірнеше рет жол берген кәсіпорындардың қызметін тоқтатуды ұсынады. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Өндірістік жарақатқа байланысты жұмыс берушіге қолданылатын шара ауырлық деңгейіне байланысты. Әрбір ауырлық деңгейіне нақты әкімшілік айыппұл белгіленген. Енгізген өзгертулерімізде біз оның мөлшері 200 АЕК-ге дейін болады (1 АЕК - 1852 теңге) деп қарастырып отырмыз, бірақ егер жағдай қайталанса, ол ұйымның жұмысы 1,5 жылға дейін тоқтатылуы мүмкін. Қазір осындай мақсат бар, бірақ ол Парламентте талқыланып жатыр", - деді Дүйсенова. Министр Азаматтық кодекс талаптары бойынша егер адам еңбек жағдайында мертігіп қалса, ол денсаулығына келген нұқсанның деңгейіне қарамастан, өтемақы алуы тиіс екенін атап өтті. "Егер, айталық, адам бірінші дәрежелі мүгедек боп қалса, оған жалақысынан 100% өтемақы төленеді. Егер ол 80%-ға еңбекке қабілеттілігін жоғалтып алса, оған төленетін өтемақы да жалақының 80%-ы көлемінде болады", - деп түсіндірді министр. Дүйсенованың мәліметінше, өткен жылы түрлі кәсіпорындар мен құрылыстарда 17 жұмысшы қайтыс болған. Жыл сайын өндіріс алаңдарында 2 мыңнан астам жұмысшы жарақат алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети