15 қыркүйек 2023 11:30

Қайрат Боранбаевқа қатысты іс: сот үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Қайрат Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Қайрат Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Астана қаласының прокуратурасы Қайрат Боранбаевпен және басқа сотталушылармен "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп және оларды заңдастыруға қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.

Жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы сотталушылардың кінәні толық мойындап, 14,5 миллиард теңгенің залалын өтегенін ескеріп, процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.

Шешім бойынша, Қайрат Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бас бостандығынан айырып, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып, үшеуі де мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасына келісті.

Процестік келісім қарау және оны бекіту туралы шешімді қабылдау үшін сотқа жолданды.

Еске салайық, биыл 22 тамызда апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында сотталушылар кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат берген болатын.

14 қыркүйекте Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаев мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады.

"Тергеу шеңберінде мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес-орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді қоса алғанда, құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару жөнінде шаралар қабылданды", - делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударған еді.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев сотта кінәсін мойындағаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети