05 маусым 2022 20:57

"Қайрат" футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/afckairat © instagram/afckairat

Алматылық "Қайрат" футзалдан 19-рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматылық "Қайрат" футзалдан 19-рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалдық серияда алматылық команда Рудныйдың "Аятына" қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алматыда өткен екі ойында "Қайрат" алдымен 4:2, кейін 7:2 есебімен жеңіске жетті. 

Рудныйда өткен ойын 4:2 есебімен аяқталды. Кездесудің бірінші таймында "Қайрат" сапынан Дәурен Тұрсаұлов пен Альберт Ақбалықов гол соқса, алаң иелері сапында Леандриньо көзге түсті. Екінші таймда Біржан Оразов пен Карлос Санз гол авторы болса, "Аят" сапында Данил Карпюк бір голмен жауап берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kairat Futsal (@afckairat)

Енді Қазақстан чемпионытанда тек қола жүлденің иегерін анықтау керек. Бұл ойында "Каспий" мен "Атырау" ойнап жатыр. Әзірге екі кездесуден кейінгі серияда есеп 1:1. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети