Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сотталған Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сотталған Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қапшағай қалалық сотының 11 қарашадағы шешіміне сәйкес, сотталған Жамалиевтың оны минималды қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады соттағылар.

Шешім заңды түрде күшіне енген соң Қайрат Жамалиев жазасының қалған мерзімін - 4 жыл 4 ай 28 тәулікті қоныс колониясында өтейді.

Еске сала кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау 2015 жылы басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, 13 жылға сотталған еді. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Ал Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer