23 маусым 2017 | 11:52

Қайрат Жамалиевтің үкімі Әліби Жұмағұловтың пікірін ескере отырып жеңілдетілді - Жоғарғы сот

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қайрат Жамалиевтің өтінішін қараған кассациялық инстанция зардап щеккен Әліби Жұмағұловтың пікірін ескере отырып қайта қарады. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Жоғары соттың жауабында осылай делінген. 


Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Жамалиевтің өтінішін қараған кассациялық инстанция зардап щеккен Әліби Жұмағұловтың пікірін ескере отырып қайта қарады. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Жоғары соттың жауабында осылай делінген. 

Мұның алдында ҚР Бас прокуратурасы Жамалиевтің бокспалау әрекеті аса ірі көлемнен ірі көлемге ауыстырылғанын түсіндірген - жеңілдеу қылмыс. 

"Қайрат Жамалиевке шыққан соңғы шешім бойынша 7 жыл тағайындалды, ол жазасын орташа тәртіптегі колонияда өтейді. Істің өзге тұстары бойынша сот актілері өзгеріссіз қалды. Процессуалдық заңнаманың талаптарына сай іс жабық сот отырысында қаралды", - дейді Жоғарғы сот өкілдері. 

Сонымен қатар, Жамалиевтің ары қарайғы мерзіміне дейін босап шығу мүмкіндігі туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат негіссіз және болжам ғана екені айтылған. 

Еске салайық, мұның алдында адвокат Джохар Өтебеков осы іс бойынша зардап шегуші Әліби Жұмағұлов бизнесменнің жазасын жеілдетуді сұрағанын хабарлаған

Әліби Жұмағұлов Жоғары соттан Жамалиевтің жазасын жеңілдетуді сұрады. Міне осылай. (Оның берген сұхбатынан алынған сөз: - Қайрат Жамалиевті кешіріуге дайынсыз ба? - Жоқ!). Ақыры бопсалау бойынша мерзім 10 жылдан 7 жылға қысқарды. Бұл соңғы шешім ("Время" газеті жазғандай 6 жыл емес). Жазасын өтейтін колония қатаң тәртіптен жалпыға ауыстырылды. Жамалиев басқа колонияға ауыстырылады деген сөз. Ал басқа колонияға ауыстыру немесе жазаны айыппұлға ауыстыру туралы өтінішті ол күз басында (2 жыл 4 айын өтеген соң) сұрай алады. 

Еске салайық, 46 жастағы астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жұмағұловқа зорлық көрсеткенін бизнесмен телефон камерасына түсіріп, кейін оның ата-анасына жолдаған. Бұл кадрлар Ғаламторда пайда болғаннан кейін іс бойынша қоғамда үлкен дау туды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети