Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын қайда өтейтіні белгілі болды 06 қазан 2022, 08:30

Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 ​​қыркүйек Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.

"Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады.

"Сотталушы апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады", - деп толықтырды ведомство өкілі.

Сондай-ақ, Сатыбалдыұлы жазасын өтеу үшін мекемеге келген 15 күннен кейін туыстарымен кездесуге өтініш бере алатыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram