Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова өрт кезінде бес қызынан айырылған ата-ананың өкілетті органдардан көмек сұрамағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова өрт кезінде бес қызынан айырылған ата-ананың өкілетті органдардан көмек сұрамағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы вице-министр журналистерге үкімет отырысы барысында айтты.
"Бұл отбасыға Төтенше жағдайлар министрлігінен екі адам барған. Олар отбасының қандай жағдайда болғанын көрген, олар әлеуметтік қорғау ұйымына бұл мәселе жайлы айтуы керек еді. Біз ата-анасымен сөйлескен кезде олар бізге әлеуметтік қорғау ұйымына жүігнбегенін айтты. Олар жәрдемақының екі түрін алып отырған: жаңа туған қызы үшін және көпбалалы отбасы ретінде", - деді Жақыпова.
Вице-министр бұл отбасыға мемлекеттік жәрдемақының барлығы беріліп тұрғанын айтады.
"Көпбалалы отбасы ретінде алып тұрды, себебі бес бала үшін оларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы берілді. Оған қоса, бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақы. Нәрестеге 11 ай болған, бірақ БАҚ өкілдері үш ай деп жазған болатын. Отбасының кірісін санау дұрыс емес деп ойлаймын. Анасына жұмысқа шықпауға болатын еді. Еңбек заңында көрсетілгендей, ол жұмыс берушіге бір жасқа толмаған баласы бар екенін ескертіп, ол баланы емізу үшін қосымша уақыт алуға болатын еді. Ол кезде түнгі уақытта жұмысқа да шығудың қажеті жоқ. Оның ерекше еңбек шарты болуы керек", - дейді Светлана Жақыпова.
Сондай-ақ, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі қазіргі уақытта барлық бала мен көпбалалы отбасының жергілікті АХАТ органдарының назарында екенін айтты.
"АХАТ жергілікті басқару органдарына тапсырылды. Біз Әділет министрлігінен төрт және одан көп баласы бар отбасылар туралы ақпарат берулерін сұрадық", - деді вице-министр.
Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.
Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың өмірін жалмаған өрттің мән-жайы
Осы оқиғаға байланысты Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайға байланысты "барлығына сабақ болу керек, оның ішінде мемлекеттік органдарға және қоғамға да", - деп мәлімдеме жасаған.